Ақтөбе облысының құтқарушылары мен еріктілері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 ақпанда сағат 9:00-де 4 адам жеңіл автокөлікпен Батпақкөл ауылдық округі бағытында жылқы іздеуге шығып, хабар-ошарсыз кеткен.
Жоғалған адамдар 22 ақпанда сағат 11:00-де Қандыағаш қаласынан 300 км қашықтықта табылған.
Құтқарушылар олардың жеңіл көліктерін қар құрсауынан шығарып, адамдарды Көкпекті ауылына жеткізді.