Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10 ақпанда сағат 17:31-де Үш ағайынды шыңы (2680 м) маңайында ер адам аяғының гипотермиясына байланысты қалаға өздігінен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. Туристтің өзі "112" нөміріне қоңырау шалған.
6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристті іздеуге шықты.
Сағат 18:30-да ТЖМ құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі туристті жедел машина орналасқан шлагбаумға дейін көтеріп түсірді.
24 жастағы Ресей азаматы медициналық көмектен бас тартты.
Оқи отырыңыз: