Құтқарушылар Бурабайда жарақат алған әйелді эвакуациялады

Кеше, 23:48
116
Бөлісу:
Құтқарушылар Бурабайда жарақат алған әйелді эвакуациялады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқарушылар Бурабайда жарақат алған әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бурабайда 1960 жылы туған әйел Көкшетау тауына көтеріліп, аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмағаны белгілі болды.

Зардап шеккенге медициналық көмек көрсетіліп, ол таудың етегіне зембілмен түсіріліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы