Құтқарушылар Балқаш көлінен 3 балықшыны құтқарды

13 Қаңтар 2024, 15:35
506
Бөлісу:
Құтқарушылар Балқаш көлінен 3 балықшыны құтқарды
Фото: gov.kz

12 қаңтарда сағат 17-00-де құтқарушыларға Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 20-30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды, - делінген хабарламада.

ТЖМ еске салады:

- өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы: кем дегенде 10 см;

- қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;

- жүрілген жолдарды пайдалану керек;

- мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек;

- балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;

- әрбір балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы