Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құшағында сәбиін ұстап тұрған әйел 7-қабаттан құлап кетті

19 Тамыз 2025, 18:18
5539
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Бүгін Степногорск қаласында сағат 05:00 шамасында 7 айлық нәрестесін қолында ұстап тұрған 23 жастағы әйел тұрғын үйдің 7-қабатындағы терезеден құлап кеткен. Оқиға кезінде ол таныстарының үйінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салдарынан анасы да, сәбиі де оқиға орнында қаза тапқан. 

Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел мен оның кішкентай қызының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, түпкілікті қорытынды сараптамалардан кейін жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, әйел адам ұсталды.

Қайғылы оқиғадан аман қалған бала қалаға оралғысы келмейтінін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы