Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құс еті қымбаттамайды – АШМ

23 Қыркүйек 2025, 12:08
495
Бөлісу:
 АШМ баспасөз қызметі
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте құс етінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Тауар-субститут" деген түсінік бар. Өнімнің бір түрінің бағасы өскен кезде тұтынушы басқа тауарды тұтынуға көшеді. Бірақ бүгінгі таңда тауық етіне қатысты жағдай тұрақты, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы соңғы аптада небәрі 0,1%-ға ғана өскен. Дәл осындай өсім қыркүйек айының басынан бері де тіркеліп отыр.

Қыркүйек үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан құс еті бойынша айтарлықтай құбылмалылық болмайды деп күтеміз. Тамыздан бері өсім небәрі 1%-ды құрады. Бағаның айтарлықтай қымбаттауы болжанбайды, – деді Сапаров.

Еске салсақ, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өтіп жатқан брифингте ет бағасын көтеретіндерге шара қолданылатыны туралы мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы