Құрық портында Әзірбайжан еліне көңіл білдіру рәсімі өтті

Кеше, 18:02
227
Бөлісу:
Құрық портында Әзірбайжан еліне көңіл білдіру рәсімі өтті

Бүгін, 26 желтоқсан күні Құрық портындағы Әзірбайжан Республикасының «Zarifa Aliyeva» паромында «Құрық Порт» ЖШС-нің директоры Серік Ахметов және мекеме қызметкерлері, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері көршілес елге Ақтау қаласы маңында орын алған қаралы хабарға көңіл білдірді.

Құрметті Әзірбайжан халқы, Сіздерге ауыр қайғыларыңызға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл қайғылы оқиға бүкіл аймаққа терең әсер етті. Біз сіздермен бірге қайғырып, бұл қиын сәтте сабыр мен төзімділік тілейміз. Алла Тағала қаза болғандарға бейбітшілік пен тыныштық, ал туған-туыстарына күш-қуат берсін. Сіздермен бірге екенімізді, сіздердің қайғыңызға ортақ екенімізді біліңіздер,- деді Құрық портының Бас директоры Серік Ахметов.

Паром капитаны Тахмирас Исмаилов өз алғысын білдіріп, қазақ еліне шын жүректен риза екенін, осындай сәтте қол ұшын беріп, демеп жатқандарына өз алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы