Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құрылыс саласындағы жүйелер біріктіріледі: жаңа цифрлық портал іске қосылмақ

Әсел ӘБІЛБЕК
8 Қазан 2025, 10:51
343
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Құрылыс саласындағы бірыңғай цифрлық платформа қашан іске қосылатыныны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, құрылыс саласында көптеген электрондық платформалар бар. Бірақ ол әр сатысында бөлек қолданылады. Құрылыс компанияларына, жобалау ұйымдарына, сонымен қатар шағын және орта бизнес үшін бұл өте маңызды мәселе.

Иә, қазір бізде құрылыс саласында бірнеше түрлі ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұр. Бұрын да айтқанымдай, жоспарлау мемлекеттік қала кадастры (ГКК) платформасында жүзеге асырылады. Ал сараптама екі түрлі платформада жүреді — EPSD және жеке сараптама порталы. Құрылыс барысын мониторингтеу үшін үшінші жүйе e-curless қолданылады. Бұл нарық қатысушылары үшін ыңғайсыздық тудырады. Мысалы, осы платформаларда жұмыс істеу үшін әрқайсысында жеке кабинеттер ашу, жеке тіркелу, құжаттарды қайта-қайта жүктеу қажет. Яғни бір әрекетті бірнеше рет қайталауға тура келеді, – дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Енді бұл мәселелерді шешу және барлық жүйені біріктіру үшін бірыңғай құрылыс порталы жасалады.

Бұл мәселені депутаттармен де ұзақ талқыладық. Портал нарық қатысушылары үшін бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталық болады. Қазір жүйе тестілеуден өтті. Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты рәсімдер де аяқталды. Бізге тек екі қорытынды жүйені жеке және мемлекеттік сараптама жүйелерін біріктіру ғана қалды. Мерзім қараша айына белгіленген, ал қаңтар айынан бастап бұл жүйе толық іске қосылып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы