Бүгін Түркістан қаласында ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің осы аймақтағы тілшісі.
Ұлттық құрылтайдың бүгінгі жиынына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Құрылтайға келген Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов мемлекет басшысының бастамасымен былтырғы Ұлытаудағы құрылтайға қатысу бақыты ие болғанын атап өтті.
Биыл да жиынға қатысып жатқан ол құрылтайдың билік пен халықтың арасындағы диалог екеніне тоқталды.
Құрылтайдың өзге басқосулардан айырмашылығы, елдің ішінде қандай пікірлер бар, соны тиісті орындарға жіберіп, ақылдасу. Кеше «Мәдениет. Өнер. Руханият» жұмыс секциясының отырысына қатыстым. Ол жерде біз мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, меңгеру туралы және қазақстандық жастардың патриотизмін нығайту мәселесін көтердім. Екі жарым сағаттың өзі мәселелерді талқылауға жетпей қалды, - деді Шаймардан Нурумов.