Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында қандай жағдайда Құрылтай депутаты мандатынан айырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрылтай депутатының Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі және оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енуі, ҚР азаматтығын жоғалтуы, депутатты конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде сайлаған саяси партиядан шығуы немесе шығарылуы, сондай-ақ депутатты конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде сайлаған саяси партиядағы қызметінің тоқтатылуы орын алған жағдайда, оның депутаттық мандатынан айырылуына қатысты норма ұсынылып отыр, - дейді Нұрлан Бекназаров.
Бұған дейін Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Ата заңға жемқорлардың сайлану құқығын шектейтін норма енгізуді ұсынды. Сөзінше, жемқорлар енді сайлауға қатыса алмайды.