Құрылтай депутаттары қашан сайланады?

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.

 Сенат 19 Ақпан 2026, 13:08
19 Ақпан 2026, 13:08
569
Фото: Сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі айдың ішінде сайлау өтуге тиіс.

Бұл 1 қыркүйекке дейін болады, ал 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент – Құрылтай жұмыс істеуі керек. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдаса, біз осы құрамда өтпелі ережелерге сәйкес 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз, одан кейін 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент өз жұмысын бастайды, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Конституция күнінің өзгеруі мүмкін екендігі туралы жаздық.

Наверх