Құрманғазы ауданындағы балық өнімдерін өндіру, шетелге экспорттау мақсатында «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.
Бірлік ауылдық округінде (евростандартқа сай көлемі үш гектар жерге) орналасқан балық өңдеу цехында наурыз айында 39 тонна балық Ресей еліне экспортталған. Бұдан басқа, Украина, Грузия елдеріне де экпортталады.
Балық өндеу цехында үш мұздатқыш-салқындатқыш құрылғысы орнатылған. Мұнда тәулігіне 30 тонна балық қабылдап, өңделеді. Өңдеу технологиясы – сұрыптау, аралау, жуу, тазарту және салқындату, мұздату, тұздау,- деді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах.
Жалпы алғанда Құрманғазы ауданы бойынша наурыз айына балық аулау лиммиті 48 пайызға орындалған. Бірлік, Кудряшов, Теңіз ауылдарында балық өңдеу, қабылдау цехтары жұмыс жасайды.
Құрманғазы ауданында балық өңдеу цехының саны 9 болса, тағы бір өңдеу цехы салынуда.