Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құрлықтың қауіпсіздігі ме, милитаризация ма? ЕО саммитінің басты шешімдері

5 Қазан 2025, 05:18
576
Бөлісу:
 REUTERS/Ida Marie Odgaard
Фото: REUTERS/Ida Marie Odgaard

Копенгагенде өткен Еуропалық Одақ саммитінде мүше елдердің басшылары Украинаға әскери қолдауды күшейту және Еуропаның қорғаныс әлеуетін арттыру бағытын растады. Саммит қорытындысында ЕО елдері “ортақ қауіптерге қарсы тұру үшін әскери және саяси үйлестіруді күшейту қажет” деген ұстаным білдірді., деп хабарлайды BAQ.KZ The European Conservative басылымына сілтеме жасап.

Еуропалық Кеңестің президенті Антонио Коста: “Қорғаныс Еуропасын құру үшін бізге алға жылжуымызды бақылау үшін тиімді саяси қадағалау мен үйлестіру қажет”, - деді.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Украинаға қатысты міндеттемелерді орындаудың және “күшті Еуропаны” қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Саммитке қатысқан Украина президенті Владимир Зеленский ЕО басшыларын әскери көмекті жеделдетуге және Ресейге тәуелділікті азайтуға шақырды.

Ресеймен кез келген байланыс сізге қарсы қолданылуы мүмкін. Сондықтан Ресеймен байланыс неғұрлым аз болса, өмір соғұрлым қауіпсіз болады, - деді ол.

Кездесуде Еуропаны қорғауға арналған “Дрон қабырғасы” жобасы да талқыланды. Бұл бастамаға Германия, Франция, Италия және Испания сияқты ЕО-ның “үлкен төрттігі” сақтықпен қарады. Еурокомиссар Андрюс Кубилюс жобаның құны шамамен 1 млрд еуро болатынын және оны бір жыл ішінде жүзеге асыруға болатынын айтты.

Алайда Германия канцлері Фридрих Мерц ЕО қорларынан “дрон қабырғасын” қаржыландыру идеясын сынға алып, мұндай жоба Еуропадағы қорғаныс теңгеріміне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

ЕО саммитінің қорытындысы Украинаға әскери көмекті жалғастыру және Еуропаның қорғаныс саясатын күшейту бағытында ортақ позицияны тағы да бекітті.

Өзгелердің жаңалығы