Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құрлық чемпионы: армия мергені Ислам Сәтбаев Азия чемпионатында алтын алды

22 Тамыз 2025, 08:11
379
Бөлісу:
 Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Шымкентте өтіп жатқан Азия-2025 чемпионатында қазақстандық спортшы, Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының өкілі Ислам Сәтбаев жеке сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Финалға үшінші орынмен шыққан мерген 10 метр қашықтықтан атудан біліктілік кезеңінде 631,7 ұпай жинады. Алтын жүлде үшін тартысты бәсекеде Сәтбаев бар болғаны 0,3 ұпай айырмасымен қытайлық Динкэ Лу мен оңтүстіккореялық Хаджун Пактан басып озды.

Айта кетейік, Ислам Сәтбаев 2021 жылы да Азия чемпионатында жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына қола жүлде сыйлаған болатын.

Азия-2025 спорттық ату чемпионаты Шымкентте 18-29 тамыз аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 26 елден 800-ден астам спортшы қатысуда. Құрлықтық додада 28 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы