Құқық қорғау органдарына қылмыстық істің кем-кетігін түзеуге мүмкіндік берілмейді

13 Наурыз 2024, 13:15
395
Бөлісу:
Құқық қорғау органдарына қылмыстық істің кем-кетігін түзеуге мүмкіндік берілмейді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын Әділет министрі Азамат Есқараев таныстырды.

Жоба Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес әзірленді. 

Құқық қорғау органдарына қылмыстық істің кем-кетігін жамап-жасқауға мүмкіндік берілмейді. Сот келген істің аясында жинақталған материалдар, қылмыстық істің төңірегінде жиналған дәлелдемелері адамды кінәлі деп тануға жеткілікті ме, жоқ па деген сұраққа ғана жауап беруі қажет. Соттауы немесе ақтауы керек.

Бұған дейін Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтілетінін және адвокаттар тағылған айыптың теріс екенін БАҚ-та жариялай алатынын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы