Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілге қалай хабарласуға болатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Президент жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Интернет-алаңдар қазіргі уақытта әзірленіп жатыр, сондықтан өтініштер әзірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданып жатыр. Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары – азаматтардың құқықтарын бұзуға қатысты өтініштерді қарау, өз қызметіне немесе әрекетсіздігіне байланысты осы құқықтарды бұзған мемлекеттік органдарға жүгіну. Азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкелетін нормаларды болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу, - деп атап өтті уәкіл.
Айтуынша бүгінде жұмыс өңірлерде істеліп жатыр.
Қазіргі кезде жүйелік проблемалардың тізілімін жинақтадық, шешу тәсілдерін әзірледік, кейде қаржылық қолдау көрсетілетін және Үкіметтің шешімдерін қажет ететін шамамен 13 жобаға бастамашылық жасадық. Өтініштер әртүрлі форматта: бейнеқоңырау, жазбаша өтініштер, сондай-ақ Алматы қаласындағы әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының қабылдау бөлмесі арқылы қабылданады, - деді Светлана Жақыпова.