Құны 66 млн АҚШ доллары тұратын мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

4 Маусым 2024, 10:15
353
Бөлісу:
Құны 66 млн АҚШ доллары тұратын мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы