Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Бүгiн, 14:25
94
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін білім беру саласының өкілдері бас қосқан «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты республикалық педагогтер форумы өз бастауын алды. Форум адамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, педагогтер мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатын алға тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш шараны Астана қаласы әкімдігінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біріктіру бағдарламасы аясында пәнге адами құндылықтарды енгізу, ұлттық құндылықтарды кірістіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты форумның негізгі мақсаты да айқын. Педагог тек қана сабақ беруші ғана емес, сонымен қатар тұлғаны тәрбиелеуші, шабыттандырушы, бағыт беруші бола білуі керек, – дейді Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дауешова.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Дауешованың сөзінше,спикерлер мұғалімнің әрбір күні тарих екенін көрсете отырып, сабақ барысында баланың қасиеттерін қалай ашу керек, өмірге қалай бағыттау керек, қиындыққа түскен сәтте ұстаз оны қалай еңсеруге көмектесуі тиіс деген мәселелерді талқыламақ.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Форумға еліміздің барлық өңірінен 1500-ге жуық педагог маман қатысып, сондай-ақ 10 000-нан астам адам қашықтықтан бақылады. Айта кету керек, форумда арнайы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстаннан келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөліседі. Солардың бірі – Тәжікстаннан келген химия пәнінің мұғалімі Азимджон Муллоев. Ол мектептерде математика пәнінің мұғалімі сабақ барысында оқушылардың туған жерге махаббатын оятуға жұмыс жасай алатынын айтады.

Біз бүгін форум аясында өзіміздің тәжірибемізбен бөлісетін боламыз. Мысалы, Тәжікстанда мектеп мұғалімдері 45 минуттық сабақтың 10 минутын балалардың тұлғалық дамуына арнай алады. Бұл білім беру саласына 2015 жылдан бастап енгізілген міндеттеме, – дейді ол.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Ол баяндама барысында қатысушы мұғалімдерге тәртібі қиын балалармен қалай жұмыс жасағаны туралы айтты. Оның сөзінше, қарапайым түсіндіру, ұрыс, айқай баланың түйсігіне дұрыс әсер етпейді. Ол мектептегі қиын балалармен нәтижелі жұмыс жасауында – мультфильмнің көмегі тигенін жеткізеді.

Ал Қызылорда қаласынан келген Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағиша Есбосын баяндама барысында қарапайым күнделік жазу арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытып жүргенін айтады.

Жастайынан рухани уызға қанып өскен болса, өскенде биіктерді бағындырады. Оқушыларым сабақ аясында «кейіпкермен сырласу» деген арнайы қойың дәптер жүргізеді. 7 сыныптан 11 сыныпқа дейін жүргізілген дәптерді мектеп бітірер уақытта бірге талқылаймыз. Бұл әдіс – балаларды жастайынан білімге ғана емес, өмірдегі түрлі қиындыққа қарсы тұруға көмек береді, – дейді ол.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Сондай-ақ форум аясында осы бағытта түрлі жобалар әзірлеп, нәтижелі жұмыс көрсетіп жүрген білім беру ұйымдары өкілдерінің арнайы көрмесімен таныстық.

Мысалы, №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Жолбарысова бүлдіршіндерге арналған өзінің авторлық жобасын ұсыныпты. Ол қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтың балаларға арналған түрі – «бестемше» деген ойын түрі.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Бұл ойын баланың санасын, танымдық қабілетін дамытып қана қоймайды. Сондай-ақ баланың бойына құндылықты сіңіруге көмектеседі, – дейді ол.

Ал «Зейін мен зият» үстел ойыны жобасын әзірлеген Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясының оқушылары асық үйіру арқылы тапсырмаларды орындау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға болатынын айтады.

Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды

Күн тәртібіндегі басты тақырып одан әрі университет ректорлары, профессорлар мен практик мұғалімдермен өтетін дөңгелек үстелде талқыға түсетін болады.

Өзгелердің жаңалығы