Құмар ойындары мен бәс тігуді шектеудің нормалары тексерілді

28 Қазан 2024, 11:56
338
Бөлісу:
Құмар ойындары мен бәс тігуді шектеудің нормалары тексерілді
Фото: BAQ.KZ архив

Конституциялық Сот сот арқылы қорғалу құқығын шектеу туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Азаматтық кодекстің 914-бабының (ерекше бөлігі) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Конституциялық Сот құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыруға байланысты талап-арыздар бойынша сот арқылы қорғалу құқығын шектеу туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді.

Осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге негiзделген ойындар немесе бәс тiгу (құмар ойындар мен бәстер) ұйымдастыруға, өткiзуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары, ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде, осы Кодекстiң 913-бабында аталған қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сот қорғауына жатпайды, - деді баяндамашы-судья Қ. Мусин.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы