Құлсарыдағы дезинфекция жұмыстарына 8 бригада жұмылдырылуда

Құлсары қаласында дезинфекция жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 3 Мамыр 2024 2024, 14:48
3 Мамыр 2024 2024, 14:48
727
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Құлсары қаласында дезинфекция жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының ақпаратына сәйкес қазіргі таңда қала бойынша 26 әлеуметтік нысан, 45 көшеде орналасқан 1347 үйге дезинфекция жасалды. 

Бұл жұмыстарға 8 бригада жұмылдырылып жатыр. Бүгін Автожолшылар, Достық ықшам ауданы және 6, 7 а ауыл аймақтарына, ал бұған дейін Атырау, Мешіт, Автожолшылар ықшам аудандарындағы судан тазартылған аймақтар залалсыздандырылды, - делінген хабарламада.

Наверх