Атырау облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Құлсарыдаға жағдай туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде қала ішінде 4 бағытта 14 автобус қатынауда. Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Майкөмген, Жем ауылдық округтеріне автобустар қалыпты жұмысына кірісті. Төтенше жағдай орын алғанға дейін Құлсары қаласы ішінде, ауылдық округтерді қоспағанда 12 бағытта 55 автобус қатынайтын.
Қала көшелері судан тазартылып, көліктерге жүру толықтай қолайлы болған жағдайда қатынау бағыттары мен автобустар санын артатын болады, - деді "Батыс Тех Инвест" ЖШС басшысы Әуез Әбіләкім.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың хабарлауынша, Құлсары қаласында қайтадан жұмысына кірісті.
Олардың қатарында 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Оған қоса аудан орталығындағы 20 шақты дәріхана да жұмысын бастаған.
Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары да қалыпты жұмысқа кірісті. Тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Сауда орындарының иелерімен келісіп, бағаны негізсіз қымбатсытпауды қадағалап отырмыз, - деді Гүлнафис Аязберікқызы.