Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құлсарыда оқушының шабуылынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Бүгiн, 14:18
111
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Құлсарыда оқушының шабуылынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы білім басқармасының мәліметінше, Құлсары қаласындағы А. С. Пушкин атындағы №6 мектептің директоры өз еркімен қызметінен кеткен.

5 ақпанда оған қатаң сөгіс жарияланып, 6 ақпанда жұмыстан босату туралы өтініші қанағаттандырылған.

Еске салайық, тексеріске оқу орнында болған оқиға себеп болды. Құлсары қаласында 15 жастағы оқушы мектеп ғимаратының ішінде өз қатарластарына шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Бұл деректі Атырау облысы полиция департаменті растады.

Оқиға туралы хабар 5 ақпанда «102» арнасына түскен. Полиция мәліметінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін шабуыл жасап, мектеп аумағынан кетіп қалған.

Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы