Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков YouTube-арнасындағы "Купол Юрты" жобасына берген сұқбатында Қазақстанмен қарым-қатынастар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, бар қиындықтар мен сыртқы қысымдарға қарамастан, екі елдің бірлесіп жұмыс істеуге жақсы мүмкіндіктері бар.
Қазақстанға келсек, біз ең жақын одақтас елдерміз, тамаша серіктеспіз. Иә, сіз айтқандай проблемалар бар, иә, елдің көпвекторлы саясаты мен географиялық орналасуын пайдаланып жүрген адамдар бар. Бірақ бұл жағдай Украинада болғандармен салыстыруға келмейді, – деді дипломат.
Рябков бұл тақырыптың “аса күрделі” екенін айтып, егжей-тегжейіне тоқталғысы келмейтінін жеткізді. Алайда ол серіктестіктің тұрақтылығына сенім білдірді.
Біздің неге қатар өмір сүруге жақсы перспективаларымыз бар екенін өз көзқарасыммен түсіндіргім келеді. Сіздер айтқандай, кері бағытқа итермелеп жүргендер бар. Құдай сақтасын, ондай болмай-ақ қойсын. Иншалла, – деп қосты ол.
Сергей Рябковпен толық сұқбатты YouTube-тегі "Купол Юрты" арнасынан көруге болады.