"Құбыжықсың дедім". Сотта Салтанаттың құрбысымен диалогы оқылды

10 Сәуір 2024, 11:03
1582
Бөлісу:
"Құбыжықсың дедім". Сотта Салтанаттың құрбысымен диалогы оқылды
Фото: Instagram/aitym

Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенова мен Аида Ахмединаның бір-біріне жазған хаттары тыңдалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Салтанат Нүкенова құрбысына Бишімбаевтың өш алғысы келіп жүргенін айтқан еді.

Ол менің жалаңаш видеоға түсуімді сұрады. Оның да менде есесі барын көрсетіп, кепілдік жасап алмақ болды. Яғни оған ешкім бопсалап, қысым көрсетпеу үшін түсіріп алды. Білесің бе, мен оған құбыжықсың дедім. Бірақ ол (еск - Бишімбаев) мені видеосыз жібермейтінін білдім, - деп жазған Салтанат құрбысына.

Кейін Нүкенова Бишімбаевтан әбден шаршағанын жазған.

Одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол менің әр қадамымды, хаттарымды, әр қоңырауымды аңдып отырады. Телефонымды ұстай алмай қалдым, өйткені ол жайдан-жай ашуланып, айғайға салып, кемсіте салуы мүмкін. Әбден шаршадым. Жанжал ушықпасын деп үндемеймін. Иә, мені ес-түссіз жақсы көреді, бұл махаббат емес. Қазір бұл жайлы оқып біліп жатырмын, - деп жазған Нүкенова.

Еске сала кетсек, кеше Сот-медициналық сараптама қызметкері Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы