Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов Алматыда өткен бокс кешінде бақ сынады

Бөлісу:
Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов Алматыда өткен бокс кешінде бақ сынады
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов (26-8-2) пен Нұрберген Шәріпов (12-3) Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар кәсіпқой бокс ережесі бойынша кездесу өткізді. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және ол алты раундқа есептелген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен Қуат Хамитов жеңіске жетті. Екі боксшы да кәсіпқой бокста алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Осылайша, Қуат кәсіби бокстағы мансабын жеңіспен бастап, WBC Allstars белдігін жеңіп алды. Ал Нұрберген Шәріпов жеңілді.

Спортшылардың ММА спортындағы жекпе-жектеріне келетін болсақ, Қуат Хамитов мамыр айында Александр Шлеменкоға (66-15-1) қарсы шығып, жеңіліп қалды. Шәріпов болса, мамырда үшінші раундта мысырлық Ахмед Эль-Гарибаны (6-6) жеңді.

 

Өзгелердің жаңалығы