Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оның қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын байқатты. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен жүрді.
Екінші раундтың соңына қарай Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
Айта кетейік, әуелде Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған.