Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қуандық Бишімбаевтың баланы көлігімен басып кеткені рас па? – ІІМ жауап берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
17 Сәуір 2024, 13:08
1138
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министірінің орынбасары Игорь Лепеха бұл факті расталмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер ІІМ өкілінен Қуандық Бишімбаевтың баланы көлігімен басып кеткені жайлы фактінің рас-өтірігін сұрады.

Баланы басып кеткені жөнінде ақпарат расталған жоқ. Біз қайтыс болған әйелдің туыстарымен (Салтанат Нүкенова – ред.), дәлірек айтқанда, оның ағасымен сөйлестік. Біз ақпараттың қайдан шыққанын тексеріп, анықтадық. Бірақ басқа оқиға туралы әңгіме бар, ол әлі расталған жоқ. Оны әлі көре жатармыз, - деп айтты Лепеха кулуарда.

Өзгелердің жаңалығы