Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Күлбаева Астанада өткен шахмат турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа cот әкімшілігінің, Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, жеңіске деген құлшыныс үшін бірқатар қатысушылар марапатталды.
Әйелдер арасында I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева; II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада Салтанат Нүкенова кісі қолынан қаза болды. Сот бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ экс-шенеуніктің туысы, «Гастро-орталықтың» директоры Бақытжан Байжанов ҚР ҚК 432-бабы бойынша 4 жылға сотталды.