Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің жасақтары кез келген сәтте өртті жоюға және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын.
Ағымдағы жылдың басынан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның өртке қарсы пойыздары мен автокөліктері 15 рет өрт сөндіруге шықты.
Осы бөлімшелердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - өрттердің алдын алу. Өрт сөндіру пойыздары жылжымалы құрамда, теміржол көлігі нысандарында және бөлек белдеуде отты сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылады.
Қазақстан магистралінің негізгі станцияларында 13 өрт сөндіру жасағы, 47 пойыз және 4 бекет орналасқан. ТЖД бөлімшелерімен өзара тығыз іс-қимыл арқасында арнайы пойыздар орман-дала алқаптарында, бөгде ұйымдар мен елді мекендердің нысандарында жалынды жоюға белсенді түрде қатысады.
Дайындықтың жоғары деңгейін қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимылдың негізгі дағдылары мен алгоритмдерін пысықтау үшін барлық өрт сөндіру пойыздары мен олардың жеке құрамы оқу-жаттығулар мен арнайы жаттығуларға, оның ішінде ТЖМ ТЖД-мен бірлесіп үнемі қатысады. Бұл ретте оқу-жаттығулар барынша төтенше жағдайға жақындатылған. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай 58 жаттығу өтті, - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет тобының бас менеджері Дәрмен Есенбаев.