Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚТЖ инфрақұрылымды жаһандық талаптарға бейімдейді

25 Тамыз 2025, 21:50
609
Бөлісу:
 ҚТЖ баспасөз қызметі
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен Huawei Technologies компаниясы теміржол саласын цифрландыру және зияткерлік логистиканы дамыту бағытындағы стратегиялық әріптестігін нығайтып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаһандық технологиялық көшбасшымен бірлескен жобалар көлік басқару, жылжымалы құрамды бақылау, киберқауіпсіздік, деректерді талдау және өндірістік процестерді автоматтандыруды қамтиды. LTE-R, «ақылды станция», «соңғы миль», «Облако-2», интеллектуалды басқару орталығы (IOC) сияқты бастамалар іске асырылуда. Сонымен қатар, критикалық бизнес-процестерді резервтеу үшін жаңа алаң салу және жасанды интеллектке негізделген шешімдер енгізу жоспарланған.

Бұл серіктестік Қазақстан үшін тек технологиялық жаңғыру емес. Оның нәтижесінде:

  • тасымалдау тиімділігі мен қауіпсіздігі артады;
  • жеткізу шығындары мен уақыты қысқарады;
  • транзиттік әлеует кеңейеді;
  • жоғары технологиялар саласында жаңа жұмыс орындары ашылады;
  • отандық ІТ-кадрларды даярлау ісі ілгерілейді.

ҚТЖ-ның цифрлануы Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтып, теміржол инфрақұрылымын жаһандық логистикалық сын-қатерлерге бейімдеуге жол ашады.

Өзгелердің жаңалығы