ҚТЖ дефолтқа ұшырауы мүмкін – Смайылов

12 Маусым 2024, 10:49
1251
Бөлісу:
ҚТЖ дефолтқа ұшырауы мүмкін – Смайылов
Фото: BAQ.KZ - архив

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ-ның жағдайы қиын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2020-2023 жылдары ҚТЖ жүк айналымының 73 пайыз өзіндік құнынан төмен тарифтермен тасымалданған.

Реттелетін тарифтер бойынша шығындар 907 млрд теңге, оның жартысынан астамы – экспорт бойынша. Бұл ретте, экспортқа арналған реттелетін тарифтердің деңгейі республика ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдау тарифтерінен төмен, – деді Әлихан Смайылов.

Смайыловтың сөзінше, ҚТЖ-ның бүкіл шығындары негізінен транзиттік табыстары есебінен жабылады.

Бұл – экономикалық жағынан қисынсыз. Бірде-бір кәсіпкер өз қызметін қайырымдылық принципі бойынша жүзеге асыруға мүдделі емес. Бұл – банкроттыққа апаратын төте жол. Бүгінде ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің "қызыл" аймағында тұр. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңге және әлі де өсіп келеді. Жалпы борыштың 45 пайызы немесе 1,3 трлн теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, – деді ол.

Ол ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру керегін атап өтті.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қазіргі корпоративтік басқару әдістері мен даму стратегиясы еліміздің Ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын болдырмауға қабілетсіз. Активтердің жай-күйінің нашарлауы,борыштардың өсуі және оларды уақытылы қайтарумүмкіндігінің болмауы басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады, – деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы