ҚТЖ-да қайтыс болған адамдарға сыйақы жаздырып отырған

9 Қазан 2023, 10:20
1459
Бөлісу:
ҚТЖ-да қайтыс болған адамдарға сыйақы жаздырып отырған
Фото: Арман Мухатов - архив

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

Кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзгелердің жаңалығы