ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда

22 Наурыз 2023, 15:55
1068
Бөлісу:
ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда

Жыл сайын көктемгі күн мен түннің теңелуінің және Ұлыстың ұлы күнітабиғаттың жаңарған ерекше күнінде ҚТЖ қызметкерлері Ұлы даланың салт-дәстүрлеріне арналған іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы мерекелеу Көшпендінің жеті құндылығы - Жеті қазынаға орайластырылды.

ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда

Теміржолшылар келушілерді қонақжайлықпен қарсы алып, елордадағы вокзал алаңындағы этно-ауылдың жетікиіз үйінде ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда

Киіз үйлердің бірінде көшпендінің бүркіт немесе сұңқармен қысқыаң аулау ерекшеліктері туралы айтылды. Дәстүр бойынша бүркіттер тазы тұқымды иттермен аң аулауға шыққан. Көрші киіз үйде батырдың бес қаруы көрсетілді. Этно-ауыл қонақтары үшін әр отбасының қасиетті рәсімдері - бесікке салу және тұсау кесер көрсетілді.

ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда

Теміржолшылар дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтап, оларды өскелеңұрпаққа жеткізуде.

ҚТЖ-да Наурыз мейрамы тойлануда
Өзгелердің жаңалығы