ҚТЖ: 7 өңірде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

16 Мамыр 2023, 17:09
1495
Бөлісу:
ҚТЖ: 7 өңірде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ҚТЖ инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарының көлемін арттыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жол жұмыстарын жүргізу темір жолдың тыныс-тіршілігін, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңдерде жаппай әлеуметтік жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға инфрақұрылымды уақтылы дайындау үшін қажет. Биыл 1,1 мың км астам жолды сауықтыру бойынша жұмыстар жоспарланып, 108 мыңнан астам шпал мен 634 бағыттамалық бұрма жиынтығын ауыстыру көзделген.

Ауқымды жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде. Мәселен, Аршалы-Бабатай учаскесінде рельстік тіректер мен бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілуде.

ҚТЖ: 7 өңірде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Кешенді жөндеу жұмыстары Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жүргізілуде. Мұнда көп тер төгуді қажет ететін жөндеу кезеңі – ластанған балласты терең тазарту, ескі темірбетон шпалдарын ауыстыру, рельсті торлардың тұтастығын қалпына келтіру және т.б. жүзеге асырылуда. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің учаскелерінде жолды күрделі және күшейтілген орташа жөндеу аяқталды.

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Жол жұмыстарының максималды көлемін орындау үшін арнайы техника қолданылады. Жол қызметкерлерінің білікті персоналы қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеулер енгізсе, бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталмауына әсер етеді. "Астана – Алматы", "Алматы – Петропавл", "Шымкент – Астана", "Жезқазған – Алматы", "Алматы – Орал" қатынасындағы пойыздар кешігуі мүмкін.

Компания туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жаппай жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайында жолаушылар пойыздары қозғалысының нормативтік кестесін сақтау бойынша тәулік сайын шаралар қабылдануда.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы