ҚСЗИ сарапшылары Жезқазған қаласында сараптамалық отырыс өткізді

2 Наурыз 2023, 11:15
514
Бөлісу:
ҚСЗИ сарапшылары Жезқазған қаласында   сараптамалық отырыс өткізді
Фото: ҚСЗИ

Жезқазған қаласында «Жаңа азаматтық мәдениет: сайлау қарсаңындағы электоралды ұстанымдар» тақырыбында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға облыс басшылығы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары, Ұлытау облысының қоғамдық ұйымдары мен кәсіподақтарының өкілдері қатысты.

Сайлау науқаны Мемлекет басшысы ұсынған саяси жаңғыру бағыты өз жемісін беріп жатқанын көрсетіп отыр. Белсенді азаматтар өздерінің сайлану құқығын заңды түрде пайдаланып жатса, сайлаушылар кандидаттардың риторикасын жіті бақылап отыр. Аралас сайлау жүйесінің енгізілуі саяси кеңістіктегі белсенділік деңгейін арттырып, саяси бәсекелестікке жағдай жасап жатыр.

Алдағы парламенттік сайлау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалық бағытын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам. 2022 жылғы референдумда Қазақстан халқы мақұлдаған конституциялық өзгерістерге сәйкес Мәжіліс пен мәслихаттар жаңаша құрылады. Бүкіл саяси жүйені жаңа нормаларға сәйкес қайта жаңғырту үшін электоралдық цикл жүргізіліп жатыр. Бұл цикл Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауымен аяқталады.

Қазақстанның қоғамдық саясаттағы белсенділігі сайлау жарияланғанға дейін, яғни саяси партиялар және сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілген кезеңнен басталды. Кейбір саяси партиялар ребрендингтен өтіп, басшылығы ауысса, басқалары саяси салада енді ғана пайда болды. Алайда партиялар мен партияда жоқ кандидаттар бір мандатты округтердегі дауыстар үшін таласады.

Саяси партиялар мен бір мандатты округтен түскен кандидаттар қаншалықты белсенді? Ұлытаудағы сайлау мәдениетінің ерекшелігі неде? Сайлаушылардың үміті қандай? Үміткерлер қандай қиындықтарға тап болды? Осы және өзге де мәселелерді сарапшылар, саясаттанушылар, қоғамдық ұйым өкілдері «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңында талқылады.

Осылайша Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали алдыңғы сайлауға қатысты көп сын айтылғанын атап өтті. 

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың арқасында саяси кеңістік ашық деуге болады. Алайда осыған байланысты фейк ақпарат пен қара PR пайда болды. Бұл «даму аурулары». Бүгінде халық пен үміткерлер жаңа саяси жүйеге қаншалықты дайын деген сұрақ өзекті болып тұр, – деді Ғ.Құсманғали.

Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры Светлана Жумкина депутаттардың мақсатына тоқталды. 

Жаңартылған саяси мәдениетте этикалық нормаларды қалыптастыру керек. Депутаттар мемлекеттік қызметкерлер болғандықтан ресми түрде қабылданған этикаға бағынады. Сонымен бірге үміткерлер де жоғары саяси мәдениетін көрсету керек. Депутаттардың мақсаты – мемлекетке қызмет ете білу, елдің мүддесін қорғау, – деді С.Жумкина.

Жанар Салықова,  «Кәсіп Қорған» кәсіподағының Жезқазған қаласы филиалы апаратының басшысы, алдағы сайлау сапалы жаңа деңгейде өтетініне үміттенетінін айтты. 

Депутаттық креслоларды алудың өзі мақсат емес екенін түсіну керек. Сайлауға қатысатын үміткерлер өздеріне «Мен қоғам үшін не істей аламын?» деген  сұрақ қоюы қажет. Сайлау нәтижесі халықтың үмітін ақтауы керек, – деді Ж.Салықова.

Алпанбаева Эльмира, «Мейірімді жүрек» ҚБ төрағасы, «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы, саяси реформалар азаматтарға сайлауға белсенді қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Саяси реформалар азаматтар үшін сайлауға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Сайлаушылар бұқаралық ақпарат құралдарына сенеді. Біз үгіт-насихат кезінде заңды түрде әр үміткерге өз сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізуге тең мүмкіндіктер береміз. Біз оқырмандарға дұрыс ақпарат беруге тырысамыз, – деді Э.Алпанбаева.

«Диалог» ҚБ төрағасы Надежда Дисекенова сайлаушыларға сайлауалды бағдарламалардың мазмұнына назар аударуды ұсынды. 

Қоғамды бөліспестен мүдделерді білдіру маңызды. Саяси партиялар, Қоғамдық ұйымдар және тәуелсіз депутаттар мұны нақты түсінуі керек. Жаңартылған және жаңадан қосылған партиялар жаңа саяси мәдениетті қалыптастыра ала ма? Парламентке популистер мен кездейсоқ адамдардың өтуіне жол бермеу үшін сайлаушылар сайлауалды бағдарламаларға назар аударуы керек, – деді Н.Дисекенова.

Сәкен Смағұлов,  «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының инспекторы саяси тұлғаларды қолдау қажет деп санайды. 

Саяси реформалардың оң жеңістерін көріп отырмыз. Саясаттағы жаңа адамдарға, партияларға қолдау көрсету керек. Бірақ халықтың сеніміне ие болу үшін тиімді жұмыс атқарып нақты нәтижелерге жету міндет. Бұл жұмыс туралы мәліметтерді ақпараттық кеңістікте кең тарату да өзекті. Халық сайланған депутаттардың жұмысы жөнінде хабардар болу керек, – деді С.Смағұлов.

«Жастар Болашақ» ҚБ төрағасының орынбасары Сәкен Қайратұлы реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін жастар кірісу керек екенін айтты. 

Жастар Президентті реформатор ретінде біледі. Жаңару саясатына қолдау көрсетеді. Реформаларды жүзеге асыру үшін жастардың күш-жігері керек. Кейде жастардың үні билікке жетпей қалады. Реформалардың арқасында жастар саясатқа кәсіби түрде қатыса алады. Жас үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларына ой мен ниеттерін енгізуге тырысты деп ойлаймын. Жастар реформалардың жүзеге асыруына үлес қосып қатысуы керек, – деді С.Қайратұлы.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, сайлау алдында аймақтардағы жағдайды білу маңызды екенін айтты.

 Әр жерде ерекше мәселелер бар, қоғамның құрылымы да әртүрлі болуы мүмкін. Сол себепті саяси партиялар мен бір мандатты округтардан сайлауға қатысатын үміткерлердің қолдау дәрежесі әртүрлі. Халық парламенттік сайлау адал өтетініне сенімді, – деді А.Жолдыбалина.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров алдағы сайлау Қазақстандағы саяси мәдениеттің жаңаруына тікелей әсер ететінін атап өтті. 

Саяси партиялар мен тәуелсіз үміткерлер жаңа саяси кеңістікте сайлаушылар даусытары үшін күресіп жатыр. Ең маңызды кезең сайлаудан кейін басталады. Өйткені азаматтарымыз депутаттардың жұмысына ғана емес, бүкіл саяси реформаларға баға береді, – деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы