ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

15 Маусым 2024, 19:37
458
Бөлісу:
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Төрегелдиев тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлан Төрегелдиев 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Курчатов қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады.

2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ТЖМ бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өртті бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасын басқарды.

Өзгелердің жаңалығы