ҚР ТЖ вице-министрі ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды

Бүгiн, 01:42
204
Бөлісу:
ҚР ТЖ вице-министрі ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды
Фото: gov.kz

Серік Төленбергенов Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өндірістік объектілердегі авариялар мен оқиғалардың алдын алу, кеніштерде позициялау жүйесінің бар-жоғын бақылау, өнеркәсіпте цифрлық технологияларды қолдану, өндіріс қауіпсіздігі бойынша заманауи шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Серік Төленбергенов ШҚО ТЖД бастығымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының басшылығымен бірлесіп облыстың бірқатар өнеркәсіптік объектілерін аралап шықты.

Сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенін алқап кенішіне барды, онда кен өндіру процестері бүкіл ТМД бойынша жалғыз «Rail veyor» көлік жүйесімен бақыланатын өндіріс басқармасының орталығымен танысты. ҚР ТЖ вице-министрі қауіпсіздік мониторингі жүйесін, шахтадағы басты желдету қондырғысының жұмысын, бетон-толтырымдық кешеннің жұмысын, үйінді астында іздеу жүйесін және персонал мен өздігінен жүретін жабдықты жақындастыру жүйесін зерделеді.

Вице-министр жұмыс сапарының аясында кәсіпорындардағы жарақаттанудың алдын алу, инциденттер мен авариялар қаупін азайту бойынша тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы