ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығы талқыланды

22 Қыркүйек 2023, 22:20
668
Бөлісу:
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығы талқыланды
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісі Манал Яхья Эль-Шиннауимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, әлемдік және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақстан және Мысыр 30 жыл бойы парламентаризм, сауда, туризм және мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз және сенімді байланыстарды сақтап келуде.

Ә. Бақаев және Эль-Шинауи қарқынды парламентаралық диалог пен мәдени-гуманитарлық қатынастарды жоғары бағалап, сауда-экономикалық және ивестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Мысырдың Елшісі өз тарапынан еліміздің жоғары даму қарқынын атап өтіп, жетекші өңірлік әріптестер ретінде Астана мен Каир арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы