ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын бастады

22 Қазан 2022, 17:40
1175
Бөлісу:
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын бастады

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен 22 қазан күні Павлодар облысына барып, кәсіподақ өкілдерімен, жастар сондай-ақ кәсіпкерлермен және еңбек азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы кездесу жастардың бастамаларын дамыту орталығында өтті. Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбек ақы мәселелері көтерілді. М. Қажыкен бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Тиісінше баспана алуға шамалары келмейтін  отбасылардың аз емес екенін растап, мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты. 

«Бүгінгі таңда жалақы теңсіздігі мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Менің ойымша, ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді.  Нақты реформа арқылы  бірыңғай стандартқа енгізу қажет. Бұл жалақы теңсіздігінің жоюға, оларды тарифтеу және индекстеу әдістерін ашық етуге мүмкіндік береді»- деді, кандидат.

М.Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.

«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі - қай жерде тұратыныңызға қарамастан, әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ, қарттарға ерекше көңіл бөлу – олардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау қажет деп санаймын», – деді ол.

Анықтама үшін:

Жастар бастамаларын дамыту орталығы өңірдегі барлық жастар ұйымдарын біріктіру және олардың қызметін үйлестіру мақсатында құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, олардың адамгершілік, рухани, зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін барынша толық дамытуға ықпал ету.

Орталықтың негізгі құрамы - Павлодар облысында тұратын 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Оның ішіне  жастар санатынан басқа жұмысшы, ауыл жастары және жастар ұйымдарының өкілдері кіреді.

Штабтың баспасөз қызмет байланыс нөмері: 87015030904, Гульмира Нурпеисова

Өзгелердің жаңалығы