Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚҚС, жанармай, тарифтер: 2026 жылғы экономиканың негізгі көрсеткіштері анықталды

Бүгiн, 13:25
263
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасының биылғы жылғы соңғы шығарылымын келесі жылғы экономикалық болжамға арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, болжам Үкімет пен Ұлттық Банктің өздері жоспарлап отырған базалық сценарийден алынған.

2026 жылы не болады?

Сарапшы 5 негізгі параметрді негізге алғанын жеткізді.

  • Біріншісі – инфляция,
  • екіншісі – экономикалық өсім,
  • үшіншісі – республикалық бюджет, оның орындалуы және дефициті,
  • төртіншісі – халықаралық резервтер,
  • бесіншісі – теңге бағамы.

Бірінші параметр – инфляция. Ұлттық банк 2026 жылға арналған базалық сценарийдегі инфляция болжамын 9,5–12,5% деңгейіне дейін көтерді. Бір сөзбен айтқанда, биыл қандай инфляция болып тұр, келесі жылы да қымбатшылық сол шамада болады деп күтіледі. Өкінішті әрине. Қосымша құн салығының 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтерілуі осының басты факторы деп танылған. Сонымен қатар 2026 жылдың екінші тоқсанында жанармай бағасы қайтадан өсе бастайды. Уақытша пауза бітеді. Ол коммуналды квартплаталарға да қатысты. Онда да тарифтер өсіп, қыстың алдында қойылған «пауза» бітеді. Сонда ҚҚС өседі, бензин/дизель өседі, коммуналды тарифтер артады. Осы үшеуі қымбатшылықты 10 пайыздан астам деңгейде ұстап тұрмақ, - деп түсіндірді экономист.

Мәлімдеуінше, қазіргі модель бойынша Қазақстан 2028 жылы инфляцияны толық сабасына түсіріп, жоспарлаған дәлізге жеткізуге тиіс. Бірақ оған әлі 2 жыл бар.

Экономикалық өсім

Сарапшының мәлімдеуінше, екінші параметр – экономикалық өсім.

2025 жылды біз егер барлығы дұрыс болса 6,4% деген экономикалық өсіммен аяқтаймыз. Бұл өте мықты, тамаша көрсеткіш. Ал келесі жылы өсім қандай болуы мүмкін. Үкімет өзінің базалық сценариінде келесі жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі 5,4% деңгейінде болады деп күтіп отыр. Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылы 183,8 триллион теңге болуы тиіс. Ал 2028 жылы ол 229,8 триллион теңгеге жетеді деп болжанады. 520 курсымен долларға шақсақ, бұл 442 миллиард доллар. Бір қызығы Үкімет келесі жылы экономикалық өсімді 5,4% деңгейінде болжаса, халықаралық институттар тарапынан ондай қатты оптимизм жоқ. Халықаралық валюта қоры 2026 жылы Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өседі деп отыр. Ал Азия даму банкінің есебінше, біздің өсім 4,3 пайыз болады. Ұлттық банк те келесі жылы ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,5 пайыз болады деген ұстанымда отыр, - дейді Айбар Олжай.

Пайымдауынша, Үкіметтікі тым оптимистік болжам екені байқалып тұр. Олар басқалардың болжамынан 1 пайызға артық берген. Ал экономистің ойынша, келесі жылы экономикалық өсім 5 пайыз шамасында болуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы