Теңгерімді салық саясатын талқылау мақсатында Қаржы вице-министрі Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семейде Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің, Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйшіновтің, облыс әкімінің орынбасары Қанат Әділбайдың, сондай-ақ өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің, Мәслихаттардың және Өңірлік палата жанындағы өңірлік және салалық кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кеңес өтті.
![ҚҚС: Қаржы вице-министрі Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті](/userfiles/images/5287473271501090701.jpg)
Ашық диалог форматында нәтижелі әңгіме жүргізілді және салық реформасының барлық нюанстары түсіндірілді, қосылған құн салығының мөлшерлемесін өзгерту бойынша бизнестің ұстанымы тыңдалды.
Негізгі бастамалардың қатарына ҚҚС бойынша декларацияларды алдын ала толтыру, салық операцияларының мәртебесін онлайн-режимде бақылауға, сондай-ақ электрондық шот-фактураларды автоматтандырылған күйде жүргізуге мүмкіндік беретін "e-Tamga" жобасын іске қосу жатады. Қазірдің өзінде жүйеде 1,3 млн-нан астам салық төлеушілер тіркелген, ал жыл сайын жазылатын электрондық шоттардың саны 260 млн-ға жетеді.
Вице-министр арнайы салық режимі мен бөлшек салықтың қалай өзгеретінін түсіндірді.
Қазіргі уақытта қолданыстағы оңайлатылған декларация жүйесі жылдық кірісті 180 млн теңгеге дейін, қызметкерлер санын 30 адамға дейін және мөлшерлемені 2% көздейді. Сондай-ақ ресми түрде бөлшек салық болды, ол айналымы жылына 2,4 млрд теңгеге дейінгі, қызметкерлер саны бойынша шектеусіз және Мәслихаттардың шешімімен 4% мөлшерлемені екі есе төмендету мүмкіндігімен бизнесті қамтыды. Енді біз осы екі режимді оңайлатылған декларацияның бірыңғай форматына біріктіреміз, бұл ретте табыстың жоғарғы шегі сақталады, ол шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды, - деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында да Салық кодексіне енгізілген түзетулер талқыланды.