Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚҚС өсімі бағаға қалай әсер етеді? Вице-министр түсіндірді

25 Қыркүйек 2025, 11:40
479
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен брифингте қосылған құн салығының жоғарылауы салдарынан бағаның қымбаттау ықтималдылығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бағаның көтерілуі туралы сөз ҚҚС мөлшерлемесі жоғарылайтын бизнес өкілдеріне қатысты болып отыр.

ҚҚС төлейтіндер үшін бағаның таза өсімі 2-2,5% мөлшерінде өсетіні күтіліп отыр. ҚҚС мөлшерлемесі көтерілуі салдарынан дағдарыс болмайтыны анық, - деп жауап берді вице-министр.

Сондай-ақ ол дағдарыстың орын алу себептері әртүрлі болуы мүмкіндігін мысалға келтірді.

Мысалы, ертең Құдай сақтасын, пандемия басталса, қайтесіз. Сондықтан бұл туралы (ҚҚС мөлшерлемесінің дағдарысқа ықпал етуі – ред.) тікелей айту қисынсыз, - деді Азамат Әмрин.

Өзгелердің жаңалығы