Ұлттық банктегі брифингте төраға Тимур Сүлейменовке жаңа жылдан кейін ҚҚС 16%-ға көтерілген кезде қазақстандықтарға нені күту керектігі жайлы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сондай-ақ ҚҚС-тың өсуі теңге бағамына әсер ете ме деген сұрақ қойылды.
Жоқ, әрине, ешқандай жағдайда әсер етпейді. Теңге бағамына қатысты мәселелер көбіне сыртқы факторларға байланысты. Ал ҚҚС-тың өсуі бағаға өз әсерін тигізеді. ҚҚС бойынша әсердің бір бөлігі қазірдің өзінде байқалды – кейбір жерде адамдар алдын ала бағаны көтеріп қойды. Бірақ сұраныстың да шегі бар: халықтың нақты табысы төмендеген жағдайда бағаны шексіз көтере алмайсың.
Дегенмен, 12%-дың орнына 16% төлеуге тура келгенде, кейбір бағалар аздап көтеріледі. Бірақ бұл ішкі факторларға қатысты, теңге бағамына байланысы жоқ: бұл – біздің ішкі тауарлар: нан, сүт және басқа өнімдер”, – деді Тимур Сүлейменов.
Ол теңге бағамында күрт өзгерістер болмайтынын айтты.
Еске салайық, 2026 жылы Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға өседі.