Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
Коронавирустың екінші толқыны болмай-ақ қойсын. Одан бізді Құдай сақтасын. Бірақ өткеннен біз сабақ алдық. Сол себепті алдағы қауіп-қатерге дайындық әлі де жүріп жатыр. Дайындық 100%-ға жақындап қалды. Медицина тас-түйін дайын деп айта аламын. Инфекциялық төсек орындар, мобильді бригадалар, ауруханалар, емханалар, дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілді. Барлығы дайын, - деді ол.
Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды болжаумен айналысып жатқанын айтты.
Ең дәл болжамдар алдағы екі аптаға ғана беріледі. Одан ұзақ уақытқа болжамдар берілмейді. Бүгінгі күні бұл болжамдар маска киетін адамдардың жалпы пайызына байланысты болып отыр. Яғни әлеуметтік және медициналық режимнің қашықтығын сақтау аурудың болжамына байланысты болып тұр, - деді министрліктің ресми өкілі онлайн брифингте.
Карантинді күшейту үшін бірнеше критерий бар.
Қараша-желтоқсан айларында аурулардың өсуі мүмкін. Оны министр де айтып кетті. Бұл жедел респираторлық-вирустық инфекциялар мен тұмаудың және жаңа толқынмен қабаттасып кетуі мүмкін. Ал карантинді күшейту үшін бірнеше критерий бар. Негізгі критерий – ол төсек орындары 70%-дан асып кетсе. Қазақстанда бір күнде 71 мың төсекті ашу мүмкіндігі бар. Бірақ 51 мың төсектен есептесек, бір күнде 30-35 мың науқас бір күнде аяқ астынын ауырып қалса, онда карантиннің шектеулері енгізіледі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 4 596 адам. Яғни бір күнде 35 мың адамға көбейіп кетсе, онда карантин енгізіледі, - деді Бағдат Қожахметов.