Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қояндыға газ қашан беріледі? – әкім жауап берді

Жансая ҚАМБАР
13 Қараша 2025, 12:30
399
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана маңындағы Қоянды ауылына қашан газ берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифингте журналист әкімнен “Жақында Қосшыға табиғи газ берілді, оның сапасы қандай және Қояндыға қашан газ беріледі?” деп сұрады.

Қосшыға табиғи газ берілді. Бұл – 30 мың адамды қамтитын бірінші кезең. Екінші, үшінші кезең бар. Ол Қосшы қаласына келесі жылы беріледі. Мен тұтынушылардың үйіне кіріп шықтым, қарап отырмын. Сапасы жақсы. Бұрын көмірмен жағушы еді, үйлері таза. Бағасы тиімді. Осал топтарға көмек жасаймыз. Қондыру және төлем ережелері жергілікті мәслихаттармен белгіленген, - деп жауап берді Марат Ахметжанов.

Ол көгілдір газ ел тынысына оң ықпалын тигізіп жатқанын атады. Сондай-ақ облыс әкімі Қоянды ауылына газ тарту бойынша сараптаманы бүгін алғанын айтты.

Бүгін сараптаманы алдық, бәрі дайын. Өйткені жобалық-сметалық құжаттаманы өзгерткенбіз. Кейбір жерлерде суды жердің астынан емес, үстінен жіберіп, ыңғайлы, жақсы жоба болсын деп. Осы қараша айында, құдай қаласа, Қояндыға газ келеді, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы