24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы, Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақыра алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты.
Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кетті.
ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз.