Қарағандыда «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп «Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараға қатысушылар жаңа Салық кодексі жобасының тәсілдерін, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру мәселесін талқылады. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин атап өткендей, егжей-тегжейлі талдауға сәйкес ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі көлеңкелі экономика деңгейімен тікелей байланысты емес.
Мысалы, 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде ЖІӨ–ге шаққанда көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8%, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері ЖІӨ-ге шаққанда 2,7%. Кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12%-ға дейін төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика көлемі жыл сайын артып, 2016 жылы ЖІӨ-де 9,2%-ға жетті. 2022 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 12% болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 3,1%, - деп нақтылады вице-министр.
Сонымен қатар, ҚҚС ставкасының жоғарылауының инфляцияға әсері шамалы және бір сәттік болады.
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляцияның жоспарланған дәлізден ауытқуына әкелмейді. Бұл инфляция деңгейіне 1 пайыздық тармақ шегінде әсер еткенімен, ауылшаруашылық тауарларына өз әсерін тигізбейді. Өйткені отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген салық режимдерін пайдаланады. Қазақстан импортының құрылымында 2022 жылы азық-түлік тауарларының үлесі 9,4%-ды құрағанын ескерсек, импорттық тауарлар бойынша ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі инфляция деңгейіне айтарлықтай үлес қоспайды, - деп атап өтті Азамат Әмрин.
Сондай-ақ ол ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің оң әсерін айтты. Бұл - әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру үшін бюджет мүмкіндігін нығайту және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Біздің ойымызша. Импорттық тауарларға жүктемені арттыру - салықтық жеңілдіктер мен субсидияларды пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге импорттық тауарларды алмастыру үшін өз өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика вице-министрі.
Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіру және бөлшек салық режимін қолдану мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлердің ұсыныстары жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмысында Қарағандыда «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп «Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға қатысушылар жаңа Салық кодексі жобасының тәсілдерін, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру мәселесін талқылады. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин атап өткендей, егжей-тегжейлі талдауға сәйкес ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі көлеңкелі экономика деңгейімен тікелей байланысты емес.
Мысалы, 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде ЖІӨ–ге шаққанда көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8%, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері ЖІӨ-ге шаққанда 2,7%-ды құрады. Кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12%-ға дейін төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика көлемі жыл сайын артып, 2016 жылы ЖІӨ-де 9,2%-ға жетті. 2022 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 12% болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 3,1%-ды құрады, - деп нақтылады вице-министр.
Сонымен қатар, ҚҚС ставкасының жоғарылауының инфляцияға әсері шамалы және бір сәттік болады.
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляцияның жоспарланған дәлізден ауытқуына әкелмейді. Бұл инфляция деңгейіне 1 пайыздық тармақ шегінде әсер еткенімен, ауылшаруашылық тауарларына өз әсерін тигізбейді. Өйткені отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген салық режимдерін пайдаланады. Қазақстан импортының құрылымында 2022 жылы азық-түлік тауарларының үлесі 9,4% -ды құрағанын ескерсек, импорттық тауарлар бойынша ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі инфляция деңгейіне айтарлықтай үлес қоспайды, - деп атап өтті А.Әмрин.
Сондай-ақ ол ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің оң әсерін айтты. Бұл - әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру үшін бюджет мүмкіндігін нығайту және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Біздің ойымызша. Импорттық тауарларға жүктемені арттыру - салықтық жеңілдіктер мен субсидияларды пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге импорттық тауарларды алмастыру үшін өз өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика вице-министрі.
Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіру және бөлшек салық режимін қолдану мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлердің ұсыныстары жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмысында ескеріледі.
Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жалғасатын болады.