Қосылған құн салығын төлейтіндерге шектік мән төмендетілді

31 Қаңтар 2022, 13:07
1993
Бөлісу:
Қосылған құн салығын төлейтіндерге шектік мән төмендетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдан бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін шектік мән төмендетілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін шегі айлық есептік көрсеткіштің 30 000-нан 20 000-ға еселеген мөлшеріне дейін төмендетілді. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды, - деп атап өтті ведомствода. 

2022 жылы АЕК 3 063 теңге мөлшерінде белгіленген, демек, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең аз айналым – 61 260 000 теңгені құрайды. Бұған дейін, 2021 жылы 30 000 АЕК, тиісінше –  87 510 000 теңгені құраған.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды уақытылы жүзеге асыруға шақырады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін айналымның шегін ұлғайтуға мүмкіндік берілген. 

Өзгелердің жаңалығы