Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайлық шаруалар егін жинауды бастады

16 Тамыз 2025, 10:52
464
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қостанай облысында ерте егілген егінді жинау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 30 мың гектар астық жиналған. Науқанның негізгі бөлігі әлі алда.

Мемлекеттің, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының қолдауының арқасында біз егін егу науқанын оңтайлы мерзімде уақтылы өткіздік. Бүгінгі таңда біздің шаруашылықтарымыз ерте егілген егінді жинауға кірісті. Биыл облыста 5,1 млн га алқапта егін жинау науқаны өтеді, - деп атап өтті Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Кенже Жұмабеков.

Оның айтуынша, бүгінгі күні орташа өнімділігі 10,8 ц/га болатын 30 мың гектарға жуық алқаптан дәнді дақылдар, 8 ц/га өнімділікпен 1 мың гектарға жуық алқаптан майлы дақылдар жиналды.

Өзгелердің жаңалығы