Қостанайлық полицейлер киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады

26 Шілде 2022, 18:08
1547
Бөлісу:
Қостанайлық полицейлер киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайлық полицейлер киіктерді заңсыз аулау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД қызметкерлері Жангелдин ауданының полицейлерімен бірлесіп браконьерлерді ұстады.

Шилі ауылының маңындағы Балдай қыстағындағы рейдтік іс-шаралар кезінде жабайы жануарлардың ұшасы табылды. Фазенда жұмысшыларының айтуынша, олардың көршілері қонақ қылған, кейіннен киіктің терісін, жануардың тұяғын, тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тәркілеген, – дейді полиция қызметкері Олжас Абенов. 

Аталған дерек бойынша 35 және 44 жастағы ер адамдар ұсталды. Олар ақбөкенді заңсыз аулау және жою бойынша айыпталуда. ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды. 

Жыл басынан бері Қостанай облысында полиция қызметкерлерімен табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 300-ден астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, экологиялық қылмыстар бойынша 9 қылмыстық іс тергелуде.

Өзгелердің жаңалығы